Өлең, жыр, ақындар

Анька-партизанка

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2104
Жаудың күшті тұрағы,
Аларда бір көпірді.
Партизан қыз құлады
Оқ тиген құс секілді.
Анька-партизанка.
Жаңа ғана жүгіріп,
Жүр еді ол оқ тасып.
Көкірегі суынып,
Жатыр енді қоштасып,
Анька-партизанка.
Көріп талай өлімді,
Кетсе-дағы еті өліп.
Командирі егілді
Алды жерден көтеріп,
Анька-партизанка.
Қозғап жүрттың сезімін,
Қалжыратты бұл өлім.
Айтуынша өзінің
Қойды орманға жүрегін,
Анька-партизанка.
Көк орманда сол жүрек
Гүл боп, шықты желбіреп.
Атайды оны Анька деп
Жұрт ішінен елжіреп,
Анька-партизанка.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анька-партизанка өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Анька-партизанка өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Анька-партизанка өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анька-партизанка өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері