Өлді деуге болар ма
Бұл бетте «Өлді деуге болар ма» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Сүлейман Стальский қайтыс болғанда)
Дағыстанның даңқты,
Қайратты қарт бұлбұлы ең.
Сүйсіндіре халықты
Күй төгіп ең тіліңнен.
Ерте туып, кеш жасап,
Көпті көзбен көріп ең.
Көргеніңді әнге сап,
Жырға тізіп беріп ең.
...Сол өмірдің қарасы
Біржолата батқанда.
Қуанып адам баласы,
Бақыт таңы атқанда:
Көне көзің күлімдеп
Жүзіңде ойнап бақыт нұр.
Ой түбінен нөсерлеп
Ақтарылды шаттық жыр.
Қарт Кавказдың құзынан
Аса шапқан дүлдүл ең.
Бақытты өмір шыңынан
Ән шырқатқан бұлбұл ең.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі