Сақыпжамал
Бұл бетте «Сақыпжамал» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сақыпжамал! Бір өзіңде
Екі әйелдің аты бар.
Күн боп көзің күлгеніңде,
Қабағыңнан ай туар.
Сол кез саған қарай берем
Көрмегендей мен бұрын.
Жанның сырын жатқан терең
Оқи берем жасарын.
Сақыпжамал! Атың қандай!
«Сәпен» дейміз қысқартып.
Жар бола гөр айтылғандай,
Сенен қайсы қыз артық?!
Махаббаттан талай жастың
Жүректері күюлі.
Мүмкін жөндеп сүйе алмаспын,
Өзің үйрет сүюді.
«Сенен артық жан табам» деп
Ойлайтын жан мен емес.
Қате бассам, кетсем желдеп,
Өзің соттап, өзің кеш.
1946
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі