Нева толқындары
Бұл бетте «Нева толқындары» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сонау түнек заманда
Еркін құлаш соза алмай.
Тұрды Пушкин жағаңда,
Нева, сенен көз алмай.
Мың адамның кескіні
Арпалысып ойыңда.
Жүрді Гоголь кешкілік
Нева, сенің бойыңда.
Түстің қиын күндерде
Төсегіңнен мың аунап.
Жүрді Блок түндерде,
Нева, сенен жыр аулап.
Жырдан үлес мол алдың
Дей алмассың олқым бар.
Ойлары ғой солардың
Төсіңдегі толқындар.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі