Ақынға
Бұл бетте «Ақынға» атты Александр Пушкин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақын! Халық сүйді деп,таспа бекер,
Минуттік мақтау шуы өтер-кетер;
Естірсін ессіз сотын, сұмдар ниетін,
Сонда да сабырлы бол,саспа бекін.
Өзің патша тұр жалғыз. Еркін жолмен
Ақылыңа ер дағы жүре бер сен,
Өршіт ойдың жемісін игілікті,
Бірақ оған сұрама сен сыйлықты.
Сыйлық та бар өзіңде,билік те бар,
Өз еңбегің өзіңмен бағаланар,
Ризамысың, сен соған, суреткерім?
Ризамысың? Мейлі олар сөге берсін,
Саған қарсы қарғысын төге берсін,
Мейлі сенің бүлдірсін треножнигің.
Аударған Александр Пушкин
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі