Сұлулығын асырам деп
Кім таласар сенімен?
Теңіздегі күй естілед
Сенің нәзік үніңнен.
Алыстағы океанда,
Естілгендей, күй тұманда,
Толқын сүйіп ескен желдей,
Тәтті ұйқыда өтер тербей.
Түн ортасы болғанда, ай
Суға сүңгіп шомылар,
Ұйқыдағы жас баладай
Теңіз жайлап дем алар.
Сонда жанды қиял кернеп,
Сұлу сымбат демді тербеп,
Жанға тиіп сенен әсер,
Көңілдегі толқын өсер.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі