Махаббат сыры
Бұл бетте «Махаббат сыры» атты Ибрагим Иса жазған махаббат туралы өлең берілген.
1. Махаббат күші неткен тылсым,
Аялап жүректерді жүрсің.
Сөздермен шығармайтын сырсың,
Кез келген шыға алмайтын шыңсың.
Қайырмасы:
Аялағансың,
Аямағансың қанша жанды,
Таныстырғансың,
Табыстырғансың аңсағанды.
Сағыныш боп шырылдайсың күрсінсем,
Жүректегі өшпей тұрған нұрсың сен!
2. Махаббат айдынына қонған,
Қаншама өтті-ау, Аққу-арман.
Әніне ғашық жандар салған,
Қосылып тұрғандай-ау жалған.
Қайырмасы.
3. Аңсатып, сағындырып жеткен,
Махаббат жүректегі көктем.
Шуағың түссе еріп кеткен,
Ғажайып құдіретсің неткен!
Қайырмасы.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі