Ғашық жарым

Бұл бетте «Ғашық жарым» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Асылым-ай,
Шуағың жүр жаныма шашылып-ай,
Ғашығым-ай,
Келемін мен өзіңе асығып-ай.
Асылым-ай,
Мендей сүйсін сүйгендер ғашығын-ай, асылым,
Ғашығым-ай,
Асылым-ай,
Тағдырымыз кетті ғой қосылып-ай.

Қайырмасы:
Арманым – ғашық әнім,
Өзіңе асығамын.
Аймалап, аяладым, асылым,
Жайқалған сая бағым, ғашығым,
Әрқашан қасыңдамын – асыл жарым!

2. Асылым-ай,
Ғашықтардың жолының қашығын-ай,
Ғашығым-ай,
Ештемем жоқ өзіңнен жасырын-ай,
Асылым-ай,
Орта жолда қалмайық тосылып-ай, асылым,
Ғашығым-ай,
Асылым-ай,
Бірге асайық өмірдің асуын-ай.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері