Ұлы Абай

Бұл бетте «Ұлы Абай» атты kabdysh_aal жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ғасырда өткен болды дана атамыз,
Иманды, ақылды, үлгі атамыз.
Өтсе де бұл өмірден ерте жаста,
Мына заман ол адамды ұмытпас та.

Шығармалар қалдырды жүзден астам,
Оқып жүрміз біз оны талғамастан.
Ақ-қараға өмірдің қанып көзі,
Ұрпағына жыр жазды ойланбастан.

Одан бөлек қалдырды қара сөзін,
Үңілеміз қара сөзге күн мен түні
Астарына жете алмай тұрсақ-дағы,
Мағынасын түсінсек бар болғаны.

Атамызды танымайтын жан жоқ сірә,
Таниды бұл адамды ұшқан құс та,
Ескен жел де, бұрқақ су да,
Таниды бұл адамды кең далада.

Хәкім Абай, даналардың данасы ғой,
Ақыл-кеңес сұрайтұғын баласы ғой.
Мұңайтпады ешкімді жылатпады,
Керісінше үйретіп, құлатпады.

Есімің тарихта ғой Абай ата!
Сенімен мақтанады үлкен, жас та.
Есіндесің сен әлі әр адамның,
Танымаса сені біреу таңғаламын.

Ұлы ақын, ағартушы өзің Абай!
Арқа сүйер, жөн сілтеуші сендей Абай!
Бас йемін, құлақ салып өнеріңе,
Рахмет саған, алғыс саған ұлы Абай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

kabdysh_aal

🩷🩷

Ұқсас өлеңдер