Қазағым

Бұл бетте «Қазағым» атты Бахытбек Юсупов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қазақ халқы, өзімізді батыл, данышпан дейміз,
Солай жүріп көкірегімізді көкке көтереміз.
Ұлтым, тілім, елім, руымызды сөзімізде асқақтатып
Ата-бабам - батыр, жауынгер, асыл тұқым болған дейміз.

Иә, келісемін - ата-бабамыз мінсіз мықты болған,
Алда жаудың санына қарамай, тек алға шапқан.
Одан бөлек, қанша ақын, жыршы, жазушылар -
Өсиеттерін қағазға түсіріп кеткен тумалар бар.
Бірақ өзімізді байқадын ба, қайда келеміз?
Ата жолдан адасып кеттік емес пе?
Әр шаңырақтың астында тұрса да шежіреміз.

Есіңде ме, қанша атамыз осы жерде қанын шайып төккен?
Жапа шекті біраз адам,
Бірақ "қазағым" деген ұранмен, еш қисынсыз өз жанын берген.
Қиын болса да, еңсесің еш түсірмей,
Қаншама апамыз ұл-қыздарын, сол уақытта
Сүйіп қағып – бір үзім нанмен өсіргендер.
Осы жерді найза-білекпенен жаудан аман сақтап,
Оны бізге аманат етіп солар берген.
Есті досым, осы сенің есіңде ме?

Ал, сол баяғы қазағымнан не қалды?
Қонақжайлық, тойға ынта,
Сонда бабамыздан бар қалғаны сол ғана ма?
Қазағым сонда тек ата-бабасымен мақтана алады ма?
Есті досым, шынында солай болғаны ма?

Әр қазақтың жүрегінде сақтаулы жан айқайды,
Шетке емес, бетіне айтуға келіп тұрмын.

Өзгені қазағым деп ойламаймыз, сыйламаймыз, аямаймыз,
Ойымызда бар болғаны - басқаның үстінен бастық болып,
Астымда тұрғанға өзімізді мойындатып,
Дәмді тамақ, қымбат киім алып,
Дос-туғаннан - мақтау естіп жүру.
Ал бастық бола алмасақ жалғыз ойымыз бар -
"Басқасы маған тимей, тыныш қана өмір сүрсем,
Бауырларым болмаса да, ойымда бары - өзім аман жүрсем".

Енді байқаймысың?!
Ата жолдан біраз шалғай кеттік.
Арамызда сонша қырылысып,
Өзімізді одан әрі мазақ еттік.

Тыңдағанына рахмет,
Есті досым, енді саған сұрағым бар.
Жеткізе аламыз ба келесі ұрпаққа
Ата аманатын бізге берген
Қолың тигізбей әр босқынға,
Сол босқындар болса өзімізден?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер