Біздің балабақшада
Бұл бетте «Біздің балабақшада» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз,
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл – екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз – осы үйдің гүліміз,
Біз – осы үйдің сәніміз.
Бұл – құшағы тым ыстық
Мектебіміз бастапқы!
Мұнда жақын туыстық,
Бұнда тұңғыш дос таптық!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі