Еске түспей

Бұл бетте «Еске түспей» атты bilimdi жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бүгін тіпті еске түспей жанарың,
Тауып алған суреттерге қарадым.
Сонда менде еш ой да болмапты,
Сезбеппін де жақсының да жаманын.

Еске түспей, өткен күнді ойладым,
Кеше жазған хаттарға да қарадым.
Қарап тұрып, алысқа ой салғаным,
Сездім сонда сағыныштың қалғанын.

Бір кездері ақыл айтқан жан едің,
Сағыныш боп жүрегімде қалдың сен.
Уақыт өтіп, бәрі өзгерсе-дағы,
Жүрегімде мәңгі бірге сен едің.

Кейде үнсіз суретіңе қараймын,
Сол күндерді қайта еске аламын.
Жоқ екенің есіме бір түскенде,
Көзіме еріксіз жас аламын.

Сен үйреткен жақсы сөздер жадымда,
Ізің қалды әрбір өткен шағымда.
Уақыт қанша алыстатса да бізді,
Сағынышың сақталады жанымда.

Қанша уақыт өтсе-дағы арадан,
Сен кеткелі өзгеріпті көп адам.
Бірақ менің жүрегімде сол күйі,
Ақыл айтқан асыл ата, сен қалған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер