Сәлемшілер
Бұл бетте «Сәлемшілер» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Осы біздің ақ үйді
Жұрттың бәрі таниды.
Бір қонағы қадірлі.
Түсте аттанып жатады
Жарасып кең шапаны,
Аппақ сәнді сақалы.
Кеште басқа қонағы
Аттан түсіп жатады.
Жарқыраған маңдайы,
Атам жүзі жайдары.
Біледі бір құрбысы
Бұрылғанын арнайы.
– Көргендеймін жыл құсын,
Әлде адасып жүрмісің? –
Деп қалжыңмен қағытып,
Бастайды үйге құрбысын.
Бала-шаға, мал басын
Сұрап-біліп алғасын,
Қымыз ішіп, жамбас жеп,
– Жатар едім төріңде,
Созады сөз жалғасын.
Шаруам тығыз менің де.
Немереңе кішкентай
Келдім сәлем беруге.
Сақтап жүрген халқымыз
Бар емес пе салтымыз.
Бала келсе алыстан,
Сәлем берген қартымыз.
Міне, осындай қадірлі
Қарттарға ермек табылды.
Маған сәлем беруге
Ала жаздай ағылды.
Үйретер салт дегенді
Аталарым көбейді.
Өмір бойы оларға
Сәлем берем мен енді.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі