Дала баласы
Бұл бетте «Дала баласы» атты Мұзафар Әлімбаев жазған табиғат туралы өлең берілген.
Бес жасынан ат құлағында ойнайтын,
Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын.
Мен – баласы даланың!
Жеті түнде бес жүз қойдың түс-кейпін
Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін
Мен – баласы даланың!
Ат үстінде ән шырқасам Алтайдан,
Ақ Жайықта қуанып ел марқайған
Мен – баласы даланың!
Мұздан төсек, қардан көрпе жамылар,
Көк дауылда, ақ жауында жадырар
Мен – баласы даланың!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі