Білмей ме күшік ондайды?
Бұл бетте «Білмей ме күшік ондайды?» атты Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таңертең жауды күміс қар –
Әкелді суық тұңғыш қар.
Бүрісіп, жаурап, құнысып,
Үйшікте жатыр сұр күшік.
Қытымыр келер қысқы шақ,
Мұздаса бойы, тоңса егер.
Жылынар еді біз құсап
Жүгіріп-жүгіріп алса егер.
Спортшы қыста тоңбайды,
Білмей ме күшік ондайды?
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі