Атам қашан ұйықтайды?

Бұл бетте «Атам қашан ұйықтайды?» атты Қастек Баянбай жазған ата туралы өлең берілген.

1
Айтпаса да білемін,
Атам шаршап келгенін.
Төрге апарып ілемін
Шапан,
Бөрік,
Белбеуін.
Таңсәріде тауды асып,
Ақшам түсе қайтады.
Төрге жеке жайғасып,
Сары құманды сарқады.
Атам менің желкеме
Сом білегін жастайды.
– Ерте, ерте, ертеде, –
Деп қиссасын бастайды.
Кіріп жылы қойынға,
Екі көзім жаудырап,
Тыңдап жатқан бойымда
Ұйықтап кетем маужырап.
Оянғанда,
2
Жұрт малда
Жүргенін тек сеземін.
Ал атам ше?
Ұйықтай ма,
Ұйықтамай ма өзі оның?
Күн ұзақ қой шетінде
Жүрмесе де серуендеп,
Не таңертең,
Ұйықтағанын көргем жоқ.
Не түнде
Қырға бүгін қалайда
Шығатындай мені алып,
Қарай берем маңайға,
Кейде ерте оянып.
Көрінбейді түндегі
Бөрік,
Белбеу,
Шапан да.
Білмеймін.
Әдетінен күндегі
Жаңылмайды атам да.
Тегі атам ұйықтай ма,
Ұйықтамай ма,
Көрем қырға шыққанда,
Ат үстінде жүргенін.
Оянып таң атарда,
Малға шықсам тай мініп,
Сонда ұйқысын атам да
Алар еді қандырып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері