Гүлдер мерекесінде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Гүлдер мерекесінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2836
Гүлдің бүгін қонағы,
Керме иықты жеңгейлер.
Көтерілді жоғары,
Кере құлаш кернейлер.
Қарт тәжіктер жыр жырлап,
Кернейлерді ойнады.
Қақты бірі ұрғылап,
Дүңкілдетіп дойраны.
Ашылды гүл пердесі,
Ашылды гүл көрмесі.
Толқын болып тербелді,
Театрдың бөлмесі.
Жиналыпты бас құрап,
Таулы өлкенің гүлдері.
Қызыл, сары, ақшыл, ақ...
Гүлдің барлық түрлері.
Бірі алтынның буындай,
Бірі күннің нұрындай.
Түскен көктен мөлдіреп,
Бірі бұлттың суындай.
Бірі нәзік балдырған,
Бірі сондай сүйкімді.
Өткендей көз алдыңнан,
Жас сұлулар сиқырлы.
Жеңгейлер гүл айдынын
Көздерімен жүзіп жүр.
Сүйді таудың қай гүлін
Қалды ма ұнап қызыл гүл?
Алғаш аттап жар үйін
Келін болып түскенде;
Алғаш көріп сәбиін,
Шаттық суын ішкенде.
Құттықтаған бірінші,
Мүмкін қызыл гүл болар.
Балқытқандай гүл исі,
Күлімсіреп тұрды олар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлдер мерекесінде өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Гүлдер мерекесінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүлдер мерекесінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүлдер мерекесінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері