Атқан таңның арайын
Мен еншіме алайын.
Жұмсасаң да қайда, ата,
Мен жүгіріп барайын.
Қуандым да, тастым да,
Құлашымды сермедім.
Жуас аттың астымда
Ұнатамын желгенін.
Сен жұмсаған жеріңнің,
Бәріне де барайын.
Қойларға да қамқор боп,
Қозыларға қарайын.
Биігіне таулардың
Атпен жалғыз шығайын.
Иесіндей малдардың
Айқай салып тұрайын.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі