Сезіну

Бұл бетте «Сезіну» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2596
Кеудеңді кейде басқан мұң,
Өзіңнен өзің езіліп.
Жерде тұрып аспанның,
Білесің жайын сезініп.
Құрыстап денең дел-сал боп,
Буының сыздап сырқырар.
Құлазып көңіл енжар боп,
Бұзылар ойдың шырқы бар.
Кеудесі тұнып сырылдап,
Алар бір аспан жөтеліп.
Жел қанаты суылдап,
Әкетер бұлтты көтеріп.
Ашылар аспан әудемде,
Басылар дем ап күн жауып.
Сырлы да нұрлы дүниеге,
Қарарсың сонда бір ауық.
Қиял құс көкке шарқ ұрар.
Жазылып бойдың құрысы.
Жауыннан кейін жарқырар,
Жуылған көктің шынысы.
* * *
Қызыл-жасыл гүлдермен
Жалындаған жаз оттай.
Ақ боз атта шіренген
Алатау қарт қазақтай.
Қарайды ол қиырдан
Күннің көзі — дүрбісі.
Бауырына жиылған
Өзен, көлдің күллісі.
Сақшы болып далаға,
Келген талай мың жасқа.
Әрі ұқсайды бабама,
Әрі ұқсайды құрдасқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезіну өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сезіну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезіну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезіну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері