Көремісің, көз? – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Көремісің, көз?» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2021
..Жібек бұлақ желкілдейді, бар ағы
Кәрі әжемнің шаштарындай жаңағы;
Тасты шашып, тау құлағын жарады,
Көлки құлап, толқын ұзап барады.
Әдемі ме, көз?

Бұлақ-күлкі будақ-будақ ырғыды,
Ойланып та үлгірмеді жыр мұңы;
Жастық шақтың, махаббаттың тұрғыны –
Мына алаңда тұр ашылып қыр гүлі –
Қызығамысың, көз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері