Фәни қалыптан

Бұл бетте «Фәни қалыптан» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Фәни қалыптан
Кеттің, Мұнарым.
Дүниежарықтан
Өттің, Мұнарым.
Періште кейпіңе
Сонша зарыққан
Әкеңді шын ғарып
Еттің, Мұнарым.
Жан даусың ашынған...
Тарс бітті құлағым.
Тартылды тосыннан
Өмір бұлағың...
Құдайдан – Құдіреттен –
Тәңірден бас ұрған:
Тек үміт отымның
Өшпеуін сұрадым.
...Бас қатты,
Іш кеуіп –
Құр өгізкүштеніп.
Өгейсіп Жер мен Көк –
Өліктүстеніп...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері