Сипап туғыздым
Бұл бетте «Сипап туғыздым» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сипап туғыздым,
Ата-Тегің – Мен.
Аққан жұлдызбын –
Шырқау көгінен.
Сылап өсірдім,
Жазығым не менің.
Кемірген есілмін,
Қайғы шеменін.
Сүйіп жерледім,
Жүрек жарғаным –
Жоғалған керуенім
Зайыр арманым.
Болғаны осы ма,
Болмыс-көресің.
Көздің жасына
Тұншықты елесің...
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі