Мені құрбан қылмас па еді
Бұл бетте «Мені құрбан қылмас па еді» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мені құрбан қылмас па еді,
Турасында Құдірет?!
...Екі дүние тұрмас сені
Иіскегенге бір рет!
Өксіп өмірі қаңыраған,
Һауанаңның – сорысың!
Әкең – бейбақ аңыраған:
Тұр орныңнан, сол үшін?!
Бақилыққа бермей мұрсат,
Көтер басты,
Жалт қара?! –
Хақ Пайғамбар жебеп, жұмсап,
Қолдар Пруақ – мәрт дана...
Жалт қарасаң –
Кетер едім
Желдеп,
Жазып бауырды...
Қалай жалғыз көтеремін
Жер қайысар ауырды?!
Құшағыма алар едім,
Қалмапты айла-амалым.
Жата қалып жалар едім
Етігіңнің табанын.
Естен тана екіленіп –
Ертелі-кеш жоқ дамыл.
Соғып жүрек –
Не тіленіп –
Езіледі ет-бауыр...
Күн жанарлы,
Ай жүзіңді
Көрмей зарлап мәңгілік –
Сүйретумен қайғы-зілді
Өткенім бе мәңгіріп?!
Қор етпей-ақ қайран қылып,
Миымды да су қылмай –
Қара тасқа айналдырып,
Қатырмас па Қу Құдай!
...Падишасы Мархаббаттың,
Жан-Тәнімнің Тәңірі,
Саған деген Махаббаттың
Тым әріде – Тамыры!
Зеренімде зар тұнады,
Мұндай тағдыр жазбасын.
Көк шарасын толтырады
Налып аққан көз жасым.
Жазатайым келмесін бұл
Дұшпанның да басына...
Әке өлерін,
Өлмесін Ұл –
Жаздым Құлпытасыңа!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі