Құс ілмеген сұңқарым
Бұл бетте «Құс ілмеген сұңқарым» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құс ілмеген сұңқарым,
Мұз құрсанған темірмін.
Түсінбеген іңкәрім,
Күйтұрқысын өмірдің.
Ұяңда үш түледің,
Ұрынбадың теріске.
Алып-ұшқан жүрегім
Айналғандай берішке.
Тас табаным ойылды,
Шоқ қарыған тандырдай.
Таза ұстадым бойыңды,
Шаң-тозаңға алдырмай.
Таяқтасаң күркеден
Шықпайтын ит жаным-ай...
От басқандай үркек ең,
Оң-солыңды танымай.
...Қорықпай қалай жатырсың,
Менсіз, әзиз анаңсыз –
Белін буған батырсың,
Бұ дүниеден алаңсыз...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі