Заманнан ба
Бұл бетте «Заманнан ба» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Заманнан ба,
Адамнан ба,
Білмедім –
Кең дүниеге келмей жатып кірледім,
Өмірім өмір емес менің –
Өң бояу,
Бәрі жалған:
Жылағаным,
Күлгенім...
Табиғаттың тартылғандай тауаны:
Ауа дейтін
Ауа да жоқ дауалы.
Күн көзіне көк шыбыны үймелеп,
Жерге жаңбыр жаумайды –
Зәр жауады.
Басқа салды
Уақыт аса қиынды,
Су ішкеннен
У ішкенің – тиімді.
Дала зары,
Тас қаланың у-шуы –
Аздырады,
Ашытады миыңды.
Төрт құбылам тарынады сұрланып,
Түрмедемін –
Тірлік қылам тырбанып.
Тарыққан сәт зар боп бағы кезіме,
Тереземнен ай қарайды ұрланып...
...Ай қарайды алаң күйде жоғыма...
Душар болдың оқыс зауал оғына –
Ай орнына, сен қарасаң,
Жалғызым,
Бар шығар ем ашыма да тоғыма!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі