Интернационал
Бұл бетте «Интернационал» атты Эжен Потье жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Оян, таңбаланған қарғыспен
Құлдардың, аштардың әлемі!
Қайнап ақылымыз ашынған
Майданға бастар дер кезі!
Құлатамыз қанау әлемін
Тамтығын қоймай, сүйтіп ал
Орнатамыз жаңа өмірді:
Барлығын қолға құл алар.
Бұл міне ең ақырғы
Шын майдан, шын қайрат,
Интернационалмен
Көркейер адамзат.
Азаттық бізге ешкім бермес
Батыр да, патса, құдай да.
Аламыз азаттықты өзіміз
Оны алу біздің өз қолда.
Алуға жауға кеткен есеңді
Айырып қол мен әлді, епті, –
Темірді ұр қызған кезінде,
Баса соқ, бас, бас көрікті!
Бұл міне ең ақырғы
Шын майдан, шын қайрат,
Интернационалмен
Көркейер адамзат!
Тек біз – жұмыскері әлемнің
Еңбектің ұлы әскері,
Жер-жиһан билігі біздікі,
Паразиттерге жоқ, тегі.
Ал егер қиратса қорқау, қанқорды
Найзағай ойнап шартылдап,
Соңда да төгер күн сәулесін
Нұрлары бізге жарқырап.
Бұл міне ең ақырғы
Шын майдан, шын қайрат,
Интернационалмен
Көркейер адамзат.
Аударған: Ілияс Жансүгіров
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі