Иран қызына

Бұл бетте «Иран қызына» атты Лахути Әбілқасым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жыбырла жел, жыбырла,
Кетемісің Иранға?
Онда барсаң сыбырла
Иран қызы – Баһрамға:
«Таудан арман нұрлы, кең,
Болдым Өзбекстаңда.
Еңбек еркін, адам тең,
Езгіндік жоқ һеш жанға.
Жатыр жасап жаңа өмір,
Өмір өзі-пылаңда.
Қыз бетінен қарақап
Түсті ұқсаған зынданға.
Таңертеңгі күлген гүл
Шықты күнге, қалмастан
Паранжылы тұманда;
Қуаныштың құйыны
Соқты ойнақтап сол күні,
Соңдағы бір адамға;
Қуанбаған жалғыз мен
Тиді ауыр жарама.
Түсті есіме сол Шығыс,
Сен сықылды сорлы қыз,
Тұтқын әлі құранға.
Тұншықтым да төктім жас…
Ойлап сені тұрғанда!..»
Жел, жел, маған берші дем,
Жорық жырын жырларға;
Тәжік қызы сілтер жөн –
Ирандағы қыздарға.
Өзбек кызы болар дем
Азаттыққа шығарға.

Аударған: Ілияс Жансүгіров


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер