Жарық күнін Сананың

Бұл бетте «Жарық күнін Сананың» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жарық күнін Сананың
Күмән бұлты жасырды.
Табытыңа қарадым –
Жүдеп жаным ашынды.
– Өлді! – деді хас надан,
Қапыл топас қоштады.
Қас-қабағын ашпаған
Қан құсты Ақын Аспаны.
Түнегінде қайғының
Жарқылдаған жатты Алмас.
– Тірісің,– деп,– Айбыным! –
Жүрегім тіл қатты алғаш.
Байтақ өлке,
Бай танап
Тіксінісе қарады...
– Тірі! – деді қайталап,
Солған Гүлдің Сабағы.
Төңірегіме,
Құдірет,
Таңырқана қарап ем:
– Тірі!
– Тірі!
– Тірі! – деп,
Күңіреністі Бар Әлем.
...Содан бері, Құлыным,
Өлгенің жоқ мен үшін.
Мен де әзірге тірімін,
Тарттым жырдың желісін.
Бітпейді әкең бір ісі
Ойша өзіңмен кеңеспей.
Өлу деген – дұрысы –
Көрге түсу еместей!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері