Аруақтай арыдым

Бұл бетте «Аруақтай арыдым» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аруақтай арыдым,
Тұл кейпіне ендім де.
Білмей далмын әлі күн –
Өлген сен бе,
Менмін бе?!
Қан ба,
Әлде,
Сүйек пе –
Жатсың, ұлым, не біліп:
Мұнартып Көкжиекте –
Көк шалғынға көміліп!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері