Қызыл тұмсық

Бұл бетте «Қызыл тұмсық» атты Николай Некрасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Жабығып, әнмен, күймен жұмысы жоқ,
Тімтініп тіршілікпен жабайы боп
Кетті» деген сөздер жала маған,
Дүние үшін ән мен күйден кетуім жоқ.

Ие өзі өшірмесе жаққан отын,
Ән, күйден ажырауға жоқ ниетім.
Ал бірак ақын деген жалғыз бауыр,
Жолы алыс, жүгі де ауыр көтеретін.
Түнекте езгені ойлап қараңғы түн,
Жұлқынған жүрегімен алысқан кім?
Көп үшін жанын киып, жанып, күйіп,
У ішіп, ішін өртеп, қан кұсқан кім?
Сөзі азғана, қайғысы өзен –
Қайғысы өзен түбі терең.

Аударма: Ілияс Жансүгіров


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері