Бұл бетте «Лермонтов үйінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
2355
Алдында Кавказ аңғары
Отырды ақын көзінде от.
Осы үйде оның бар жаны,
Құйылды нәзік сезім боп.
Осы үйден бір үн ағындап,
Ораған таудың оябын.
Осы үйден бүкіл табиғат
Өзінің тапқан бояуын.
Тұрағын таппай жиһаннан,
Азаттық көксеп аңсаған,
Осы үйде ақын қиялдан,
Өмірге келді қанша адам.
Жүрегін мейлі таласа,
Тағдырдан тайқып қашқан жоқ.
Осы бір үйден аласа,
Көрінді ол елге аспан боп.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі