Ғафур гулям
Бұл бетте «Ғафур гулям» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арпапайдың көшесінде тұратын,
Жолдас маған өзбектегі ұлы ақын.
Алпыс жылға аяғынан шалдырмай,
Жас күнінің сақтаған нұр,
қуатын.
Май айының қайнап тұрған күнінде,
Болдық біздер Ғафур Гулям үйінде.
Палауымен, көк шайымен сыйлады,
Отырып ап тұт ағаштың түбінде.
Кейде адам өзін-өзі сезінбей,
Ойлайды өзін баяғы жас кезіндей.
Шаштарына қылау тұрып қылаңдап,
Асқар таудың ақ шалса да өзіндей.
Сол тәрізді ол да әлі жас бала,
Шаруасы жоқ өлеңінен басқада.
Арам емес аңқылдаған шын ақын,
Өлең жазған өзбектерге жақсы аға.
Даңқы оның жайылса да ертерек,
Қартаймауға берген оған ел көмек.
Көшесінде келеді ол Ташкенттің,
Өзбегіне, өлеңіне еркелеп.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі