Бұл бетте «Күнбағыс» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Шоқанның қабірінде)
Қарайсың өткен күнге алыс,
Қабірді қайта айналып.
Жалғыз тұр сонда күнбағыс,
Күн күзетіп, ай бағып.
Алтын күн таудың алқабын,
Жүзгенде нұрға толтырып.
Бұлғайды сары қалпағын,
Биіктен сонау ол тұрып.
Талпынған солай күнге алыс,
Сағымын кешіп жапанның.
Әлде, сол жалғыз күнбағыс,
Арманы ма екен Шоқанның.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі