Гетенің емені
Бұл бетте «Гетенің емені» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойнатып Гете өлеңді,
Құмарын жанның қандырған.
Бойлатып көкке еменді,
Мұра қып артқа қалдырған.
Болсын деген бұл емен,
Ну орманның патшасы.
Түбіне өзі түнеген,
Борандай бұрқап ақ шашы.
Сұлу орман бикеші,
Тапсын деген қанағат.
Құрыған жан жүйкесі,
Жатсын деген паналап.
Қасқая қарап емен тұр,
Жаңғырып жылда көктеген.
Үстінде қалқып өлең жүр,
Тілдесіп күнде көппенен.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі