Ана
Бұл бетте «Ана» атты Исахали Аяжан жазған ана туралы өлең берілген.
Қыстың түнгі суығында бүркеген,
Жоқ демеген болсыншы деп еркелеген.
Жаным сүйген асылдардың бірісің,
Ана жаным, күннен биік мәртебең.
Бағалайық аналарды мәңгілік, аялайық,
Тек аналар біздегі бар құрметке лайық.
Басынан шаш түсірмей көтеріп,
Анамызға махаббатымызды аямайық.
Өміріңде, көңіліңде анаңның батасында,
Тастамайды, өзі қалса да ат астында.
Ана деген асыл адам – жалғыз түйір,
Секіреді сен үшін жанған оттың ортасына.
Бақыт тапсам, жан-тәнімен қуанатын,
Жұбататын сен қиналып жылағасын.
Біліп жүр, ана ғана жалықпайды сүюден,
Мейлі бала тұра алсын, тұра алмасын.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі