Күн батар

Бұл бетте «Күн батар» атты Уткин Иосиф жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Төмендеп күн,
Тұнып көк
Алқызыл алысты аралайд.
Жан саям, жаным жақында
Ымырықты ымырт
Әңгіме айт.

Қозға, құрбым,
Отырма,
Әңгіме сол! Әлгі сөз.
Мынау шуда, бұл дуда,
Дәметем:
Дәнді ой,
Дәмді сөз.

Жарқылдап жаздың жайы да,
Сездірген мені,
Сені де.
Көніккен көздер, алайда,
От берген
Елдің еріне.

Бәрі бір,
Күн – күлгін гүл.
Жа күлгін гүл –күн күңгірт.
Бәрі бір,
Қайың қаулар дүр,

Өсірген
Осы ел үміт.
Шаршау жоқ,
Бізде айну жоқ,
Сусаған сусынды ішкенше.
Бізде беттен қайту жоқ,
Қазулы төсек
Түскенше.

Төгілді аспан,
Төнді күн.
Ендігі таң баяу ат!
Әді де, саям, бер таман!
Жүрекке жуық –
Әңгіме айт.

Аударған: Ілияс Жансүгіров


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер