Сардар мен сарбаз

Бұл бетте «Сардар мен сарбаз» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қорғансыздың қорғаны,
Ұққан елдің арманын.
Атың мәңгі есімде,
Аманкелді — сардарым.

Жыршылардың сарбазы,
Ақындардың маңғазы,
Омар Шипин атақты,
Аманкелді сарбазы.

Тыңдап оның ақылын,
Қол бастаса батыры,
Көп тілегін жыр қылып
Жырға қосқан ақыны.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері