Теспей терімді іреді

Бұл бетте «Теспей терімді іреді» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Теспей терімді іреді,
Бауыздады қанатпай.
Тірлігімнің тірегі –
Ботамды атты,
Мені атпай!
Қалталы мен қарынды
Төбелері көк тіреп –
Намысымды,
Арымды
Қоса көмді тепкілеп!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері