Тоқсан туралы толғау
Бұл бетте «Тоқсан туралы толғау» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шоқай бабам тоқсан жасқа келгенде,
Жары қайтып, жалғызсырап жүргенде,
Ел жатарда отауына енгенде,
Шерлі жүрек болған екен шерменде.
Үш-төрт жігіт ақыл қосып, қарт биге
Білдіріпті көңілдерін өр кеуде.
«Көзің ашық, бітелген жоқ құлағың,
Қиналмайсың жүрсең-дағы мың адым.
Денсаулығың қанша мықты болса да,
Қартайғанда болу керек сыңарың.»
Мұны естіген би айтыпты:
«Ендеше,
Адам тапсаң, қарсы емеспін, шырағым».
Қарияның сөзін кімдер теріс дер,
Сол дәуірде болған екен өріс кең.
Көрші ауылда жиырма бестен асса да,
Ер көрмеген болыпты бір періште.
Ауылдастар әрлі-берлі кеңесіп,
Әрқайсысы айдарынан жел есіп,
Қызға келіп, би атынан сөз салып,
Депті:»Қалқам, бұйырғанға көнесің».
Әлде шындық, жеткен бізге әлде аңыз,
Бұлқан-талқан ашуланды сонда қыз.
– Бойы бірдей бола ма қарағайдың талменен,
Қалай бірге тұрмақпын мыжырайған шалменен?!
Ауылыңа қайтып бар,
Осы сөзді айтып бар.
Сөйлескелі кеп пе едің айдалада малменен?!
Мұны естіген Шоқай қатты шамданды,
Мысал сөзден көп мағына аңғарды.
Атқа мініп, өзі келді жас қызға,
Сөзін тыңдап отырғандар таң қалды.
– Әй, қыз ! – деді Шоқай би сөздің басын қайырып:
Қазақтың кең даласында үйір-үйір жылқылар
жатпаушы ма еді жайылып,
Сонда кәрі айғырлар жас байталға
шаппаушы ма еді қайырылып.
Жас байталдар содан соң
жас құлынды таппаушы ма еді сәйгүлік?!
Сол себептен келіп тұрмын,
Өзіме өзім сеніп тұрмын.
Көп таласпай ақылды қыз уәдесін беріпті,
Береке боп қарияның шаңырағына еніпті.
Осы күні ел басқарған ағалар
Содан туған перзенттері көрікті.
Қырық жаста түссе-дағы тартысқа,
Елуінде бөленсе де алғысқа,
Тұрмыс тапшы, болса-дағы қол қысқа,
Нағыз жігіт қартаймайды алпыста.
Жастар да бар жиырма жасқа
жетпей жатып қартайған,
Отыз жаста тісі түсіп, әл тайған.
Нағыз жігіт жетпісінде желкілдеп,
Сексенінде емес көлі ортайған.
Өткен күннен қалған сөздің көбі ұмыт,
Жастық шағын отырған көп сағынып.
Жігіттерге жеті атасы жетелі
Тоқсанда да жоламайды кәрілік.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі