Бұлбұл

Бұл бетте «Бұлбұл» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұлбұл қайда қонса да,
Кетер жайнап бау іші,
Өзі титтей болса да,
Қандай әсем дауысы.
Күлім қағып күншығыс,
Күн де нұрын шашады.
Сайрағанда жыршы құс
Гүл қауызын ашады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері