Тауыс

Бұл бетте «Тауыс» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қауырсыны әдемі,
Құйрығы да әдемі,
Құстың нағыз сұлуы
Болудан ол дәмелі.
Көз тоймайтын қараса,
Түрі сондай тамаша.
Тек дауысы сүйкімсіз,
Қалған кезде оңаша.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері