Қарға

Бұл бетте «Қарға» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әппақ қарға қап-қара
Қарға қонса топтала,
Жұғып қалған күйедей
Кіршіксіз ақ мақтаға.
Не бар екен қардан ақ?!
Қарауытты жарқабақ.
Тойғанына мәз болып,
Қарғалар жүр жорғалап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері