Сусиыр

Бұл бетте «Сусиыр» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(бегемот)
Құлақтары төбеде,
Көрінетін дене көп.
Шалпылдатып келе ме
Күн ыстықта бегемот.
Таңырқап бұл ғажапқа,
Суда жиі қап қойған
Бегемотқа қазақтар
Сусиыр деп ат қойған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері