Піл

Бұл бетте «Піл» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тұлғасы зор келіскен,
Дәм татады жемістен.
Тұмсығымен тамақ жеп,
Тұмсығымен су ішкен.
Пілді неге піл дейміз,
Басқан ізі – зіл дейміз?!
Оның, бірақ, тышқаннан
Қорқатынын білмейміз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері