Қасқыр

Бұл бетте «Қасқыр» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көрген кісі қасқырды,
Дейді: «Адамға қас қылды!»
Тамақ керек жыртқышқа,
Алдында жоқ ас түрлі.
Екі көзі жалақтап,
Кетсе тілі салақтап,
Қойға шапса, көбісін
Кетеді екен тамақтап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері