Жігіт боп өскенде ертең мен,
Атақты суретші боламын.
Бастарын әппақ қар көмкерген
Таулардың суретін саламын.
Күн көзі түскенде құлпырған,
Қып-қызыл гүлдерін даланың,
Бой жазып, биікке ұмтылған
Қайың мен теректі саламын.
Алайда, айнытпай сала алар
Қас шебер болғам жоқ әлі мен.
«Есек!» – деп мәз болды балалар,
Жылқының суретін салып ем.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі