Қара

Бұл бетте «Қара» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қара қалам ізіне
Қарап қапсың сүзіле.
Қап-қара бұлт түнеріп
Шықты көктің жүзіне.
Амалды енді асырдым,
Қаламымды жасырдым.
Бұлтты өшірдім, зеңгір көк
Шайдай болып ашылды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері