Көк

Бұл бетте «Көк» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ашып едім бет басқа,
Кісінеді көкқасқа.
Көк пен жердің арасын
Көзіме ыстық көк басқан.
Судың түсі көкпеңбек,
Тудың түсі көкпеңбек,
Шаңқай түсте көкшіл бұлт
Бара жатыр көкке өрлеп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері