Не екенін мүсіннің
Кейін барып түсіндім.
Көңілдегі ойымды
Қағазыма түсірдім.
Жауға шапқан батырлар,
Жыр толғаған ақындар
Айналыпты мүсінге
Деуге бүгін хақым бар.
Мүсін деген танылған
Бар әлемге ғалымдар.
Және жылжып кетпейді
Қоңыс тепкен орнынан.
Ел пейілі құлаған
Тұлға жұртқа ұнаған.
Мүсін деген өр бейне,
Тасқа айналған ірі адам.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі