Уәде
Бұл бетте «Уәде» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сурет салам деген Бекен,
Орындапты уәдені.
Қиып апты журналдағы
Суретті бір әдемі.
Қуаныпты ағайы да:
«Жасалды деп тапсырмам».
Сол суретті қалай, бірақ,
Дәптеріне жапсырған?!
Ағай сонда дәптерді ашып,
Алған кезде сұраққа,
Төмен қарап, түсі қашып,
Қалса керек ұятқа.
Алға баспай еткен ісің,
Сурет сала білмесең,
Сол суретті мақтан үшін
Салмай-ақ қой мүлде сен.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі